Бейбіт келісім болса Ұлыбритания мен Франция Украина аумағына 15 мыңға дейін сарбаз аттандыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы ЕLORDAMEDIA The Times газетіне сілтеп хабарлады.

Басылымның жазуына қарағанда, бұған дейін британ әскери құрылымдары «қалаулылар коалициясы» бойынша Украинаға 10 мың сарбаз аттандыру мәселесін көтерген. Алайда Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі ел армиясының қазіргі саны мен мүмкіндігін ескере отырып, бұл жоспарды тиімсіз деп бағалаған.

The Times дереккөздерінің айтуынша, тіпті 15 мың әскери қызметкердің өзі, шынтуайтында, аса оптимистік көрсеткіш.

Газет британ және француз бөлімшелерінің Украина әскерін жаттықтырады, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника қорғау мақсатында салынатын нысандарды бақылайды деп жазды.