Үкімет отырысында Ұлттық банк саясаты талданып, құрылым төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеме жасады. 

— Ұлттық банк макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырады. Инфляцияның өсу тәуелекелін азайту үшін дезинфляциялық саясатты жүргіземіз. Ақша-кредит саясаты құралдарынан бөлек қосымша шаралар қабылданады, — деді Тимур Сүлейменов.

Инфляцияға тоқтау қоюда төменгі шаралар қарастырылып отыр:

— Алтын сатып алу шеңберінде валюталық операцияларды теңдестіру жалғасады;
— Жеке тұлғалардың несиелері бойынша контрциклдік капитал буферін енгізу туралы шешім қабылданды;
— Банктер үшін міндетті резервтердің ең төменгі талаптарын арттыру жұмысы пысықталып жатыр;
— Активтерді басқару аясында Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының портфелінде жоғары кірістілікке ие активтердің үлесін ұлғайту;

Сонымен қатар қаржы секторындағы диджитал трансформация процесі де жалғаса береді. Қазір банк цифрлық теңгені масштабтау жұмысын жүргізуді көздеп отыр. Мұндай қадам арқылы диджитал вальютамызды мемлекет қаржысының қатарына қосып, жаңа бағыттарға қолдану мен енгізу мүмкіндіктерін пысықтамақ.

Еске сала кетейік, соңғы алты айдағы инфляция 11,8 пайыз болды.