Әлия Оcпанова Цифрлық үкіметті қолдау орталығының атқарушы директоры болды

Цифрлық үкіметті қолдау орталығының атқарушы директоры болып Әлия Оcпанова тағайындалды.
Әлия Оcпанова 1987 жылы 15 тамызда Талдықорған қаласында дүниеге келген. Қазақстан-Британ техникалық университетінің, империялық колледжінің (Ұлыбритания) және Quantic бизнес мектебінің (АҚШ) түлегі.
10 жылдан астам халықаралық ұйымдарда (Microsoft, Ericsson, RELAXGroup (Elsevier), сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда басшылық қызметтер атқарды.
2023 жылдың қарашасынан 2024 жылдың қарашасына дейін Bolashaq бағдарламасының әкімшісі cаналатын Халықаралық бағдарламалар орталығын басқарды.
Құрметті достар, Цифрлық үкіметті қолдау орталығының Атқарушы директоры лауазымына тағайындалдым.
Цифрландырудың экономикамыздың дамуына қосатын үлесі анық. Дұрыс күйде іске асырылмаған болса, әрбір министрліктің дамуына қауіп төнеді. Осында мемлекеттік органдардың цифрлық саясатын, іске асырылып жатқан процестерін, сонымен қатар болашақ өзгерістерін бақылауға жауаптымын. Өзімнің халықаралық тәжірибемді, кәсіби білімімімді осында қолданармын деген үміттемін. Қандай да бір ұсыныстарыңызға әрқашан да ашықпын, — деп жазды Әлия Оcпанова.