Дүйсенбіде Арктика және Антарктика ғылыми-зерттеу институтының (ААНИЯ) баспасөз қызметі шұғыл мәлімдеме жасады. Зерттеу орталығы таратқан ақпаратқа қарағанда, әлемдегі ең ірі ңөң A23а қарс айырылып, бірнеше бөлікке бөлшектенген. Сонымен қатар ала жаздай 1 мың шаршы метр көлемінде тарылған. 

«Алып айсбергтің іргесінен бір уақытта 60 пен 300 шаршы метр болатын үш үлкен кесек бөлініп шықты. Антарктиданың қытымыр қысының өзінде аса ірі ңөң алаңының 36%-ы жылбысқыланып кетті», — делінген хабарламада.

Антарктикадағы қыс мезгілінде айсберг 930 шаршы шақырым қашықтыққа қалқыған. Сонымен қатар ағынға түсіп, Оңтүстік Джорджия аралын айналып өткен.

Орайы келгенде айта кетелік, 2023 жылдың көктемінде айсберг Антарктика түбегіне, Скош теңізіне қарай жылжи бастады. 2023 жылдың қараша айында мұхитқа жетті.  Әрі қарай солтүстік бағытта жылжып, 2025 жылдың басында Оңтүстік Джорджия аралына таяды.

Зерттеу институтының жазғанына қарағанда, 1986 жылы Филчнер мұз қайраңы да дәл осылай бөлшектенген. Салдарынан ауданы 4,1 мың шаршы шақырымнан асатын Айсберг А23а Антарктидадан ажырап кеткен. Ңөң 30 жыл бойы Уэддел теңізінде қалқып тұрған.