Қазақстан диджитал қаржы саласында бетбұрыс жасап, Орталық Азиядағы алғашқы споттық биткоин-ETF қорын іске қосты. Қорды Fonte Capital инвестициялық компаниясы құрған.

Coindesk.com дерегіне қарағанда, жаңа қор Астана халықаралық биржасында (AIX) саудаға шыққан, осылайша жергілікті және шетелдік инвесторлар қолданысына жол ашылған.

Қор толықтай нақты биткоинмен қамтамасыз етілген. Цифрлық активтерді сақтау қызметін америкалық BitGo Trust компаниясы атқарады. Ол активтерді 250 миллион долларға дейінгі сомаға сақтандырған, деп жазды BAQ.KZ.

Өнім АҚШ долларымен номинацияланған. Қор қызметін Астана халықаралық қаржы орталығы (AIFC) қадағайды, криптоинвестицияларға қолайлы юрисдикциямен қамтамасыз етеді, сыртқы саяси тәуекелдерден қорғайды.

BETF инвесторларға жаңа мүмкіндік ұсынады. Атап айтқанда, инвесторлар криптобиржаларды пайдаланбай-ақ немесе жеке кілттерді сақтамай-ақ биткоинге қауіпсіз инвестиция сала алады.

Споттық биткоин-ETF – негізгі актив ретінде нақты биткоинге ие биржалық қор түрі. BETF дебюті Қазақстанды АҚШ, Канада және Гонконг сияқты споттық биткоин-ETF-ті мақұлдаған елдер қатарына қосты деп хабарланады.

Орайы келгенде айта кетелік, Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттер – Өзбекстан мен Қырғызстан криптовалютаға қатысты сақ саясат ұстанып отыр. Ал Қазақстанды өңірдегі криптоинвестициялар үшін ең ашық нарыққа айналды деп жазады БАҚ.