Канада АҚШ компанияларына арналған технологиялық салығын алып тастайды. Ел билігі Трамптың қысымынан кейін мұндай тоқтамға келген. 

Жұма күні АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың технологиялық компанияларына салынып жатқан «шектен шыққан салық» жайын айтып,  Канадамен сауда келіссөздерін тоқтататынын мәлімдеді. 48 сағаттан кейін» Канада үкіметі берілді», — деп жазды New York Times.

Канада Премьер-Министрі Марк Карни жексенбіде Трамппен цифрлық қызмет салығын алып тастау туралы шешімді талқылады, деп хабарлады Канада Премьер-Министрінің Кеңсесі. Сауда келіссөздерінің қайта басталуының белгісі ретінде Канаданың қаржы министрі Франсуа-Филипп Шампан мен АҚШ-тың Сауда өкілі Джеймисон Грир екеуі сөйлесті.

Дүйсенбіде күшіне енетін салық АҚШ пен Канада арасындағы ушыққан келіссөздердің соңғы нүктесі болды, деп атап өтті New York Times.

Канададағы цифрлық қызметтерге салынатын үш пайыздық салық өткен жылы қабылданды, бірақ алғашқы төлемдер тек дүйсенбіден басталуы керек еді. Салық көлемі бойынша АҚШ компаниялары шамамен 2,7 миллиард доллар төлеуге мәжбүр болды.

Орайы келгенде айта кетейік, Трамп әкімшілігі Канаданың көптеген тауарларына 25 пайыздық тариф енгізді. Жаңа сауда келісіміне қол жеткізу туралы келіссөздер Канада үшін өте маңызды, өйткені Канаданың экономикасы АҚШ экспортына аса тәуелді.