Камерунның 92 жастағы президенті сайлауға түсіп, өкілетті мерзімін тағы 7 жылға ұзартпашқы
14.07.2025

фото: azertag.az
Камерунның 92 жастағы президенті 43 жылға созылған билігін ұзартуды көздеп отыр. Поль Бия тақта қалу мақсатында қайта сайлауға түспек.
«Менің шешімім сіз бен біз болып атқарар істің маңызды екенін білдіреді. Әрбір бастамамызға сенімді болыңыз», — деп жазды ол Х-тегі жазбасында.
Сегізінші мәрте сайлауға түсу туралы шешіміне қарапайым халық ықпал еткенін айтты. Президенттің хабарлауына қарағанда, көп адам оның басшы болуын аттай қалап отыр. анды.
П. Бия 1982 жылы билікке келгеннен бері сайлауда ешқашан жеңілмеген. Егер президент билігін тағы да жеті жылға создырса, 100 жасына дейін тақ иесі болып қалады.
Камерундағы кезекті президент сайлауы 12 қазанға жоспарланған. Президенттің өкілетті мерзімі — жеті жыл.