Дисней студиясы өз бөлімшелеріндегі жүздеген қызметкерін қысқартпақ. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, қысқарту кино және телемаркетинг, телевизия жарнамасы, кастинг және даму бөлімдерінде жүреді.

Мұндай қадам бизнестің жаңа моделіне көшу барысында қабылданды. Атаулы бетбұрыс арқылы шығындарды азайту мәселесін шешу көзделген.

Бір айта кетерлігі, соңғы кездері Диснейдің теледидардағы аудиториясы сиреп барады.

— 2023 жылдан бері Дисней 8000-нан астам қызметкерін қысқартып, 7,5 миллиард долларға дейін үнемдеуге ұмтылды. Қазір компанияда, шамамен алғанда, 233 000 қызметкер бар.

Еске сала кетейік, бұл компанияның телевизия сегментіндегі алғашқы қысқарту қадамдары емес. Бұл соңғы жылдардағы төртінші және ең ауқымды толқын. Студия наурыз айында, шамамен алғанда, 200 қызметкерді, шілде айында 140 қызметкерді және 2024 жылдың қазан айында 75 қызметкерді қысқартты.