Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жоспарының бірінші кезеңін табысты аяқтады деп хабарланды. Бұл жайлы 9 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.

«Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жоспарының алғашқы кезеңіне қол қойғанын зор мақтанышпен хабарлаймын. Бұл барлық тұтқын босатылатынын, Израиль өз әскерін келісілген шепке дейін алып кететінін білдіреді», — деп жазды Ақ үй басшысы Truth Social желісіндегі парақшасында.

ХАМАС тарапы да келісімді растады. Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл келісімді «Израиль үшін ұлы күн» деп атады.