Халықаралық санатта хабар тарататын «Al-Jazeera» телеарнасының журналисті Анас әл-Шариф пен  төрт әріптесі Израильдің жасаған соққысы салдарынан қаза тапты. Израиль әскері Газадағы «Аш-Шифа» ауруханасының іргесіне шатыр тіккен журналистер қосынын атқылаған. 

Израиль армиясы әл-Шарифтің өзін айыптап, «журналистердің атын жамылған ХАМАС террорисі» деп атады.

«Аль-Джазера» мұндай айыптауды терістеп, ойдан шығарылған деп мәлімдеді. Сонымен қатар Израиль әскерінің таяу арада тағы да қайта қайрылып, журналистерге қырғидай тиетінін айтып алаңдады.

Орайы келгенде айта кетелік, Газа қақтығысы басталған 2023 жылдан бері Израиль әскері Әл-Жазира телеарнасының 10 қызметкерін өлтірген.