«Иран — террор, ал Израиль тек қорғанды». G7 Таяу Шығысқа қатысты сыңаржақ шешім шығарды
G7 саммитіне қатысушылардың бірлескен мәлімдемесінде Иран «аймақтық тұрақсыздық пен террордың негізгі қайнары» делінген. Құжатта Израильдің Иранға қарсы әрекеттеріне тікелей сын айтылмаған.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен G7 елдерінің басқа көшбасшылары күтпеген жерден Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайға қатысты бірлескен мәлімдеме жасауға келісті. Саммитті ұйымдастырған Канаданың құжатында Иран «аймақтық тұрақсыздық пен террордың негізгі қайнары» деп көрсетілген, бірлескен топ Израильдің өзін-өзі қорғау құқығы бар екенін баса назар аударған.
G7 мемлекеттері мен үкіметбасшылары Иранның қандай жағдайда да ядролық қару қолданбауы керек екенін мәлімдеді.
Бірлескен жетіліктің Ақ үй ұстанымын ашық тыңдағаннан кейін мұндай тоқтамға келгені айтылады.