Иран министрі “жаһандық соғысқа сақадай саймыз” деп шұғыл мәлімдеме жасады
Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи елдің соғысқа дайын екенін, бірақ АҚШ-пен келіссөз жүргізуге де ашық екенін жариялады. Бұл туралы New York Times басылымы АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран билігінің әрекетіне қарсы екенін мәлімдеген соң жауап ретінде айтылды, деп хабарлады.
«Біз соғысуға ниетті емеспіз, бірақ дайынбыз, осыған дейінгі әрекетіміз дәлел», — деді Арагчи Тегеранда шетелдік елшілерге арналған конференцияда. Сондай-ақ ол келіссөздерге де дайын екенін, бірақ Иран тек әділ, тең құқық пен өзара құрметке негізделген шешімге ғана келісетінін жеткізді.
Иран мен АҚШ арасындағы байланыс ашық, деп хабарланды Арагчи мен Трамптың Орта Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Виткоф арасындағы кездесуден кейін.
Иранда кейінгі аптада наразылықтар басталып, арты үкіметке қарсы қақтығысқа айналды. Халықаралық құқық қорғау ұйымдарының мәліметіне қарағанда, наразылық кезінде шамамен 500 адам қаза тауып, 50-ден астам қауіпсіздік қызметкері зардап шеккен.
Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай