Иран министрі елдегі уран байыту процесінің тоқтағанын мәлімдеді

Ислам республикасы СІМ басшысы Аббас Арагчи елдегі уран байыту процесінің әлі басталмағанын айтты.
— Қазір үдеріс тоқтап тұр, өйткені елеулі залал келді. Мұның барлығы ғалымдарымыздың жетістігі болған соң, байытуды тоқтата қоймасымыз анық, оның үстіне бұл енді ұлттық мақтаныш мәселесі, — деді министр Fox News-ке берген сұхбатында.
Министр сөзіне қарағанда, Иранның атом энергиясы ұйымы қазір ядролық нысандарға келтірілген шығын көлемін есептеп жатыр. Сонымен қатар байытылған уран қоймаларының жай-күйін саралап жатыр.
Естеріңізде болса, NBC News телеарнасы АҚШ-соққылары салдарын сөз етіп, Иранның бір ғана ядролық нысаны зақымданғанын хабарлаған. Ақүй бұл ақпаратты жоққа шығарды.
CNN телекомпаниясы америкалық барлау қауымдастығының пікірін мәлімдеді. Қауымдастық Иранға жасалған соққылар салдарынан республиканың негізгі нысандары жойылып тынғанын атады.