Сарапшылардың хабарлауына қарағанда, Ормұз бұғазы әлемдегі мұнай саудасының негізгі бағыты болып қала береді. Бұғаз арқылы күніне шамамен 20 миллион баррель немесе Парсы шығанағындағы мұнай экспортының 90% өтеді. Бірақ Иранның бұғаз арқылы өтетін мұнай ағынына әсері әлсіреген. 

Иранның ықпалының кемуіне әсер еткен негізгі фактор — нарықтың өзгеруі. Қазір негізгі тұтынушы — АҚШ немесе ЕО емес, Қытай.

Парсы шығанағы — әлемнің энергетикалық орталығы:

Әлемдік мұнай қорының 55% және табиғи газдың 39%.
Әлемдік мұнай экспортының 42% және газ өндірудің 17%.
Негізгі экспорттаушылар: Сауд Арабиясы, Ирак, Кувейт, БАӘ, Катар, Иран.

Мұнай саудасы қалай құбылды?

2001 жылдан 2022 жылға дейін Парсы шығанағынан АҚШ-қарай экспортталатын мұнай 72%-ға, ЕО-ға қарай  37%-ға төмендеген.

Сонымен бірге Қытайға қарай экспорт 800% -ға өсті. Қытай қазір шығанақтағы мұнайдың 55%-ын алады.

Қытай — аймақтың басты энергетикалық серіктесі

2022 жылы Парсы шығанағының Қытаймен арадағы саудасы 385 миллиард долларға жетіп, ЕО мен АҚШ сынды елдермен жүретін сауда көлемінен асып түсті.

Қытай саяси байланысты жетілдіру мен дәнекер болуда да маңызды рөлге ие болды. Мысалы, Қытай 2023 жылы Пекиннің қолдауымен Иран мен Сауд Арабиясының қарым-қатынасын қалыпқа келтіруге күш салды.

Шыны керек, Иранның Ормуз бұғазы арқылы қысым жүргізуі қазір батысқа сондық әсер ете қоймайды. Негізгі сын-қатер Қытайға тиюі мүмкін. Өйткені АҚШ тәуелсізденді, ал Қытайдың мұнайға деген бодандығы арта түсті.

Ормұздағы кез келген үзіліс, қысым салдарынан мұнай бағасы артуы мүмкін, бұл АҚШ емес,  Қытай үшін қауіпті.

 

Дастан Қастай
журналист