Иран билігі ядролық бағдарламаны жалғастыру үшін «қажетті шараларды» қабылдады, — деді Тегеран. Трамп болса Иранның ядролық әлеуетін тағы да жоққа шығарды.

Күні кеше Израиль мен АҚШ тарапы Иранның ядролық қондырғыларына соққы жасады. Бірақ Иран басшылығы өзінің ядролық бағдарламасын жалғастыра алатынын мәлімдеді.

«Біз қажетті шараларды қабылдадық және келген зиянды есептейміз», — деді Иранның Атом энергиясы ұйымының басшысы Мұхаммед Эслами.

Оның айтуына қарағанда, Тегеран ядролық нысандарды қайта іске қосу жоспарын алдын ала дайындаған, олардың үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік беруге де ниетті.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық әлеуетін жоққа шығарып отыр.