БҰҰ-дағы Иран өкілі АҚШ-тың әрекетін қатаң айыптап, Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын талап етті.

Inbusiness.kz сайтының хабарлауына қарағанда,  АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға жасаған шабуылына байланысты Иранның БҰҰ жанындағы елшісі әрі тұрақты өкілі Амир Саид Иравани жексенбі күні БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасына ресми хат жолдады.

БҰҰ-ға жолдаған хатында Иранның тұрақты өкілі Амир Саид Иравани АҚШ-тың алдын ала жоспарланған агрессивті әрекеттерін қатаң айыптады.

Иран Ислам Республикасы ешқандай арандатушылық себепсіз жасалған бұл алдын ала жоспарланған агрессивті әрекеттерді қатаң түрде айыптайды.

– Бұл шабуылдар – 13 маусымда Израиль режимі Иранның бейбіт ядролық нысандарына жасаған ауқымды әскери операциясының жалғасы, – делінген мәтінде.

Иран өкілі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп, бұл шабуылдарды барынша қатаң түрде айыптауды талап етіп отыр.