ХВҚ Қазақстан экономикасына қауіп төніп тұрғанын айтты

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Қазақстан экономикасындағы сын-қатер мен төніп тұрған қауіпті атады.
Қордың хабарлауына қарағанда, Қазақстанда жоғары экономикалық өсім сақталған. Банктер капиталдандырудан кенде емес әрі ел ішінде ықпалды. Бірақ инфляцияның жоғарылауы және мұнайдың арзандауы ел экономикасының даму перспективаларына қауіп төндіреді.
Қор мамандары елімізде инфляцияның үдеп жатқанын айтты. 2025 жылы инфляция деңгейінің 10,5% көрсеткішінде қалуы мүмкін екенін болжады.
Инфляция көздеген межеге түскенге дейін қатаң түрде қаржы-несие саясатын сақтау керек. Бұл ретте бюджет тапшылығын шектеу, инфляцияны тежеу және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін ұлғайтуға күш салған жөн — деп жазды мамандар.
Яғни, базалық мөлшерлемені жоғары тұтқан жөн. Себебі баға өсімі халықтың сатып алу қабілетін төмендететін, экономиканың тұрақтылығына қауіп төндіретін негізгі фактор болып отыр.