Гренландиядағы ахуал шиеленісе түсті. Дания аралды қорғап қалу мақсатында НАТО миссиясын құруды ұсынды
Дания Гренландия аралындағы ахуалдың күрделене түсуіне байланысты жаңа ұсыныс білдірді. Мәлімдемеде НАТО миссиясын құру мәселесін қарастыру жөнінде бастама көтерді.
Бұл ұсыныс Брюссельде өткен кездесуде талқыланды. Кездесуге Данияның қорғаныс министрі Троэльс Лунд Поульсен, Гренландияның сыртқы істер министрі Вивиан Мотцфельдт және НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте қатысқан.
Дания қорғаныс министрінің айтуына қарағанда, НАТО бас хатшысы Копенгаген тарапынан айтылған уәжді мұқият тыңдаған. Талқылау әдейі жабық форматта өткен. Министр мұндай тәсілді орынды деп бағалап, Марк Рюттенің Дания мен Еуропа тап болып отырған жағдайдың күрделілігін жақсы түсінетінін атады.
Кездесуден кейін Марк Рютте көпшілік алдында арнайы мәлімдеме жасаған жоқ. Дания билігі мұндай әрекетке баға беріп, негізгі қадамдарды жариясыз қалдырған жөн деп түсіндірді.