“Еуродақ тарауға тиіс” — Илон Маск мәлімдеме жасады
Илон Маск Еуроодақты таратып, әр мемлекетке толық егемендігін қайтару қажет екенін айтты, мәлімдеме жасады. Бұл пікірді Еурокомиссия оның X платформасына 120 млн еуро айыппұл салатынын жариялағаннан кейін білдірілді.
Маск Х әлеуметтік желісінде ЕО-ны жою жеке елдердің өз азаматтарының мүддесін тиімді қорғауына мүмкіндік беретінін жазды. Оның бұл мәлімдемесі Еурокомиссияның ресми өкілі Тома Ренье Брюссельде өткен брифингте X компаниясына айыппұл салынатынын хабарлаған соң жарық көрді.
Айта кетейік, шілде айында Еурокомиссия платформаға цифрлық қызметтер туралы заңды (DSA) бұзғаны жөнінде ескерту жіберген. Талаптардың бұзылуы жарнама ашықтығына және зерттеушілердің ашық деректерге қол жеткізуіне қатысты болған. Егер компания кемшіліктерді түземесе, оның жылдық кірісінің 6%-ына дейін айыппұл салынатыны ескертілген.
Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай