Эстония Ресейдің газ импортын толық тоқтатады.

Эстония үкіметі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей мен Беларуссияның сұйытылған табиғи газын (СТГ) сатып алуға және импорттауға толық тыйым салды.

Осы уақытқа дейін ел билігі ресейлік СТГ-ны тарату желісі арқылы қолданылмаған жағдайда сатып алуға рұқсат беріп келген.

Эстония СІМ басшысы Маргус Цахкнаның айтуына қарағанда, ресейлік СТГ-ға толық тыйым салу туралы шешім тосыннан қабылданған шешім емес. Ел үкіметі Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне жауап ретінде мұндай қадамға барғанын айтып отыр.