Ерекше жаңалық: Өсімдіктердің күйзелгенде тілдесіп, дыбыстайтыны, төңірегіне мұң шағатыны анықталды

Тель-Авив университетінің ғалымдары өсімдіктер күйзеліске ұшыраған кезде дыбыс шығаратынын және кейбір жануарлар оларға жауап беруі мүмкін екенін анықтады. Бұл жайлы ELORDAMEDIA хабарлайды.
eLife журналында жарияланған зерттеуде өсімдіктердің тілдесетіні жайлы жазылған. Шөптер де адамдарға естілмейтін, көрінбейтін дәрежеде жәндіктер, жарқанаттар және бірқатар сүтқоректілермен тілдеседі.
Тәжірибелердің бірінде аналық көбелектердің оғаш әрекеті байқалған. Көбелектер сусаған және күйзелістен «шерленген» қызанақ өсімдіктеріне жұмыртқа салудан аулақ болғаны анықталды.
Тіршілік иелері өсімдіктерден шығатын дыбыстарға жауап беріп, мінез-құлқын өзгерткен.
«Бұл жануардың өсімдіктен шығаратын дыбыстарға жауап бере алатынын көрсетеді әрі алғашқы дәлел болып отыр», — дейді профессор Йосси Йовель BBC-ге берген сұхбатында.
Зерттеуді басқаратын Профессор Йовель өсімдіктердің санасы жоқ екенін айтты, дыбыстар физиологиялық өзгерістерден туындайтынын атады.