Ербол Алшынбай 2025 жылдың 14 шілдесінен бастап Абай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Ербол Алшынбай, 1986 жылы 12 маусымда  дүниеге келген.

2013 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын, 2024 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті «Мемлекеттік және жергілікті  басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2013 жылы «Республикалық радио» ЖШС «Астана» радио ақпаратты бағдарламалар қызметінің редактор-жүргізушісі қызметінен бастаған.

Әр жылдары түрлі лауазымдарда Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қоғаммен байланыс департаменті талдау, мониторинг және БАҚ-пен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Баспасөз қызметінің референті, сарапшысы, консультанты,  Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бірінші басшысының кеңесшісі болып еңбек етті.

Тағайындалғанға дейін Абай облысы әкімінің кеңесшісі болған.