Енді ChatGPT қолданған балаларды ата-анасы бақылайды

OpenAI компаниясы балаларға арналған ата-ана бақылауын енгізуді жоспарлап отыр.
ChatGPT-дің мамандары чат-боттың балаларға тигізетін кері әсерін зерттеуге кірісті. Ата-аналар енді баласының аккаунтын өз e-mail-іне байлап, жад пен чат тарихын басқара алады. Сондай-ақ чат-бот баланың күйзеліске ұшырағанын байқаса, ата-анасына хабарлама жібереді.
OpenAI мәліметіне қарағанда, жаңа функцияны әзірлеуге 60 елден келген 250-ден астам маман мен педиатр қатысып жатыр. Жаңа шаралар 2025 жылдың қазан айында күшіне енеді.
Мамандармен өткен кездесуде өнімдерімізге, зерттеулерімізге және саясатымызға қатысты ұсыныс беріліп жатыр. Алайда қабылданатын шешімдерді OpenAI өз мойнына алады», — деп мәлімдеді компания.
Бұған дейін АҚШ-та 16 жастағы Адам Рейннің отбасы OpenAI мен бас директор Сэм Альтманға сотқа шағым түсірген еді. Олардың айтуына қарағанда, ChatGPT баланы суицидке итермелеп, өзіне-өзі қол жұмсауға кеңес берген.
Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай