Ең төменгі жалақы — 85 000 теңге. 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет бекітілді

Қазақстанда 2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет бекiтiлді. Құжат алдағы үш жылға арналған кірістерді, шығыстарды, трансферттерді, негізгі әлеуметтік көрсеткіштерді айқындайды.
2026 жылға арналған республика бюджетінің жөн-жобасы
2026 жылға арналған республика бюджетін жүйелеуде Ресей Федерациясынан төлемақы алу көзделген. Федерациядан «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 62 100 100 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 10 821 060 мың теңге сомасында түсім алынатыны хабарланды.
2026 жылы республикалық бюджетке облыстық бюджеттен 879 947 069 мың теңге алынады. Атап айтқанда:
Атырау облысынан – 262 404 282 мың теңге;
Алматы қаласынан – 491 887 501 мың теңге;
Астана қаласынан – 125 655 286 мың теңге.
Ұлттық қорынан кепiлдендірiлген трансферт мөлшерi 2 770 000 000 мың теңге болады деп айтылды.
Алдағы жылдың ең төменгі жалақысы 85 000 теңге болады
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 85 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен
мөлшері – 35 596 теңге;3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 69 049 теңге;
4) айлық есептiк көрсеткiш – 4 325 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 50 851 теңге.
Аймақтарға бөлінетін субвенция көлемі
2026 жылы республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және республикалық маңызы бар қала бюджетіне берiлетiн субвенциялардың көлемi — 5 137 567 833 мың теңге. Ішінде:
Абай облысына – 264 857 157 мың теңге;
Ақмола облысына – 323 875 972 мың теңге;
Ақтөбе облысына – 195 066 920 мың теңге;
Алматы облысына – 105 955 760 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына – 249 718 158 мың теңге;
Жамбыл облысына – 492 283 724 мың теңге;
Жетісу облысына – 379 860 574 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына – 171 621 490 мың теңге;
Қарағанды облысына – 266 040 247 мың теңге;
Қызылорда облысына – 501 986 476 мың теңге;
Қостанай облысына – 348 590 472 мың теңге;
Маңғыстау облысына – 120 663 643 мың теңге;
Павлодар облысына – 5 807 202 мың теңге;
Солтүстік Қазақстан облысына – 331 936 630 мың теңге;
Түркістан облысына – 1 137 817 715 мың теңге;
Ұлытау облысына – 58 756 499 мың теңге;
Шымкент қаласына – 182 729 194 мың теңге.
Сонымен қатар, келер жылғы ҚР Президентінің бастамаларына арналған резерв 285 000 000 мың теңге сомасында бекiтiлмек.
Еске сала кетелік, бұл заң 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.