«Ең төменгі жалақы — 85 мың теңге». 2026 жылы жәрдемақы мөлшері өседі
Келер жылы айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) көлемі ұлғаяды. Егер 2025 жылы 1 АЕК 3 932 теңге болса, 2026 жылы бұл көрсеткіш 4 325 теңгеге дейін көтерілмек. Яғни, 2026 жылы АЕК 393 теңгеге көбейіп, елдегі бірқатар жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі әлеуметтік көрсеткіштер өзгереді:
ең төменгі жалақы – 85 000 теңге (өзгеріссіз);
ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге (+6 278 теңге);
мемлекеттік базалық зейнетақы – 35 596 теңге (+3 236 теңге);
АЕК – 4 325 теңге (+393 теңге);
ең төмен күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге (+4 623 теңге).
Сонымен қатар 2026 жылы жасына байланысты және еңбек өтілі бойынша есептелетін зейнетақылар 10%-ға индексацияланады.
Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы қалай өзгереді?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда, көпбалалы отбасыға төленетін мемлекеттік жәрдемақы ерлі-зайыптының табысына байланысты емес, тек бала санына қарай есептеледі. Бұл төлемге бірге тұратын 4 және одан көп кәмелетке толмаған бала немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлім студенті бар жанұя өтініш бере алады.
Жәрдемақы мөлшері 4 баладан бастап 7 балаға дейін – 16 АЕК-тен 28 АЕК-ке дейін, ал 8 және одан көп бала болған жағдайда – әр балаға 4 АЕК төленеді.
2026 жылғы жаңа көрсеткіш:
4 бала – 16,03 АЕК → 69 329 теңге;
5 бала – 20,04 АЕК → 86 673 теңге;
6 бала – 24,05 АЕК → 104 016 теңге;
7 бала – 28,06 АЕК → 121 359 теңге;
8 және одан көп бала – әр балаға 4 АЕК немесе 17 300 теңге;
“Күміс алқа” иегерлері – ай сайын 6,4 АЕК (шамамен 27 680 теңге);
“Алтын алқа”, “Батыр ана”, “Ана даңқы” I–II дәрежесі иегерлері – 7,4 АЕК (шамамен 32 005 теңге) жәрдемақы алады.
Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай