Дрондар Эвересттегі қоқыстарды шығарып, экологтарға қолғабыс етіп жатыр
04.07.2025
IT, Ғылым, Жаңалықтар, Өндіріс

Непалда дрондар игі іске атсалысып жатыр. Құрылғылар Эвересттің тазалығын сақтауға ден қойған экологтарға қолғанат болған.
Bloomberg хабарлауына қарағанда, кейінгі маусымында қытайлық DJI компаниясының дрондары шамамен 6000 метр биіктікте дейір өрлеп, 280 келіден астам қоқыс жинаған. Жұмыс сәуір ауынан мамыр айына дейін жүргізілген. Қоқыс тасымалы сүт пісірім уақытқа ғана созылған.
Бұрын мамандар төрт сағат ішінде 20 келіге дейін қоқыс жинаған. Жаңа технология процесті айтарлықтай жеңілдетті. Дегенмен, әзірге дрондарды белгісіз күн райында қолдану жағы тежеліп тұр.
Airlift компаниясы Непал билігімен бірлескен түрде өз модельдерін сынап жатыр. Сынақ алаңы — Эверест.