Дональд Трамп “Украинада жаңа сайлау өткізетін уақыт келді” деп мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Politico басылымына берген сұхбатында Украинада қазіргі жағдайға қарамастан сайлау өткізу қажет деп санайтынын айтты. АҚШ президентінің сөзіне қарағанда, «Украинада сайлау өткізетін уақыт әлдеқашан жетті», себебі елде сайлау өтпегелі біраз жыл болды. Соңғы президент сайлауы Украинадағы әскери жағдайдың ушығу есебінен болмай қалған.
Трамптың пікіріне қарағанда, Украина соғысты сайлау өткізбейтін себеп ретінде алға тартып отыр, алайда «халықтың таңдау жасау құқығы болуға тиіс». Ол кім жеңіске жететінін болжай алмайтынын, бірақ президент Владимир Зеленский де жеңуі мүмкін екенін айтты.
Трамп Украина демократия туралы жиі айтатынын, алайда ұзақ уақыт сайлау өткізілмесе, бұл демократия белгілеріне қайшы келетінін жеткізді.
Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай