Дональд Трамп Ресей және украин президентімен «берекелі кездесу өткізгелі жатырмын» деп мәлімдеді

Фото: Siegfried Nacion/STAR MAX/IPx/picture alliance
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен, сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленскиймен «берекелі кездесу өткізу» мүмкіндігін қарастырады.
6 тамыз күні Ақүйде өткен баспасөз мәслихатында Трамп бұл сұраққа қатысты ой бөлісіп, журналистің Путин мен Зеленский кездесуге келісім берді ме деген сұрағына жауап берді:
— Бұл кездесу жақын арада өтіп қалады, — деп жауап берді.
Десе де, мемлекет басшылары кездесетін орын әлі нақтыланған жоқ. Сонымен бірге, Америка көшбасшысы Мәскеудің сауда серіктестеріне қарсы тағы санкция енгіземіз деп айтты.
Алайда, тиісті шешімнің «кейінірек» қабылдайтынын атап өтті.
Орайы келгенде айта кетелік, АҚШ президенті Дональд Трамп жөнелткен арнаулы өкіл Стив Уиткофф пен Ресей президенті Владимир Путин екеуі кездесті. Трамп бұл кездесуді жақсылыққа балап, өте өнімді болды деп мәлімдеді, деп жазды ВВС.