2025 жылдың шілдесінде АҚШ президенті Дональд Трамптың рейтингі соңғы жылдардағы ең төменгі көрсеткішке жетті. Reuters пен Ipsos зерттеу агенттіктерінің бірлескен сауалнамасы бойынша, елдегі тұрғындардың тек 40 пайызы ғана оның қызметіне қолдау білдірген. Бұл Трамптың екінші мәрте президент ретінде сайланғанындағы ең төмен көрсеткіш.

Зерттеуге мыңнан аса америкалық қатысқан. Нәтижелер АҚШ-тағы саяси поляризация қарқыны өскенінің айқын көрсетеді: республикашылардың 83 пайызы Трампты қолдаса, демократтардың тек 3 пайызы ғана оң бағасын берген. Ал тәуелсіз сайлаушылардың арасында қолдау деңгейі 30 пайыздан төмен түсіп кеткен. Сарапшылар 2026 жылғы Конгресс сайлауында мұның республикашылдар үшін үлкен қауіп ретінде бағалап отыр.

Трамп әкімшілігіне деген сенімсіздік, ең алдымен, экономикадағы және иммиграция саясатындағы дауларға байланысты. Қазір елде инфляция деңгейі тұрақтамай тұр, тұтыну бағасы өсіп жатыр. Сонымен қатар, иммиграция қысымы, шекарадағы тәртіп күшейіп, бірқатар заңсыз босқындар депортацияланған. Бұл шараларды біреулер қауіпсіздік деп есептесе, енді бірі адам құқығын шектеу деп санайды.

Gallup және AP агенттіктерінің мәліметіне қарағанда, америкалықтардың көбі қазір елдің дұрыс бағытта дамып жатқанына күмәнмен қарайды. Трамп тек өз электоратына сүйене әрекет етіп отыр деген пікірлер де жиі айтылады.

Алайда жағдай тек республикашыларға қатысты емес. Politico зерттеуіне сүйенсек, демократиялық партияның да рейтингі төмен. Халықтың 63 пайызы оларға наразы. Бұл ел ішінде екі ірі саяси партияға сенімнің азайғанын көрсетеді. Сарапшылар алдағы уақытта жаңа саяси қозғалыстар мен үшінші тараптың көтерілуі мүмкін екенін алға тартты.

Бүгінде Американың ішкі саясатында хаос. Бір топ өкіл Трампты қолдайтынын және оны «елді құтқарушы» деп есептесе, екнді бірі оны автократияға жақын деп сынайды. Екі тарап бір-біріне қарсы.

Дональд Трамп әзірге өзінің электорал базасын сақтап отыр. Бірақ қоғамның қолдауынсыз билікті ұстап тұру оңай емес. Егер тәуелсіз сайлаушылар тарапынан сенім болмаса, алдағы сайлауда оның билікке ықпалы әлсіреуі мүмкін.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай