Дінмұхаммед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева дүние салды
Дінмұхаммед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева дүниеден өтті.
Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жеткізді. Ол марқұмның адамгершілік болмысы мен ұстаздық қасиетін ерекше ілтипатпен еске алды.
— Ол әрдайым адамға тура қарап сөйлейтін. Айтар сөзін екшеп, қарсы алдындағы жанға шын мәнінде қажет ойды жеткізе білетін. Үнемі жымиып жүретін, ішкі уайымы мен толғанысын сыртқа білдірмейтін, — деп жазды депутат.
Рауза Қонаева 1934 жылы Алматы облысы Шілік ауылында дүниеге келген. 1952 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің биология-топырақтану факультетіне оқуға түсіп, 1956 жылы оқуын үздік тәмамдады.
Осы жылдан бастап 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ғылым академиясында еңбек етіп, отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосты.