Британия билігі мыңдаған ауғандықты құпия түрде өз еліне көшіріп алды

Біріккен Корольдікке үкіметтің құпия жүйесі аясында мыңдаған ауған азаматы жеткізілген.
Бұл туралы Financial Times (FT) басылымы жазды. Белгілі болғанындай, талибтер билік басына келгенге дейін Лондонмен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеген 25 мың ауғандықтың жеке мәліметтері интернетке тарап кеткен.
Ақпаратты Британия қорғаныс министрлігінің қызметкері әдейі таратқан. Қауіпті жағдайда қалған адамдар саны 100 мың адамға жуықтауы ықтимал, деп жазады басылым.
Ұлыбритания билігі ақпараттың тарағанын 2023 жылдың тамызында ғана білген және олар бірден осы адамдарды корольдікке көшіру бағдарламасын іске қосқан.
Financial Times-тің хабарлауынша, Британия биілігі осы уақытта жарияланып кеткен құжатта аты аталған 18,5 мың ауғандықты көшіріп үлгерген. Бұл тізімге қолданыстағы тетік бойынша көшуге рұқсаты бар адамдар да кірді. Ақпараттың тарауына тікелей байланысты 5,5 мың адам көшірілген, тағы 2,4 мың адам көшірілетін болады.
Ұлыбританияның қорғаныс министрі Джон Хили Қауымдар палатасында сөйлеген сөзінде ведомство тарапынан жіберілген осы қателік үшін кешірім сұрады.
Сондай-ақ қателікпен есімдері жарияланып кеткен мыңдаған ауғандық Британия үкіметін сотқа беретінін мәлімдеді.
The Daily Telegraph басылымының жазуынша, ауғандықтарды шұғыл көшіруге жұмсалатын шығын бірқатар проблемаға бастаған. Бюджеттегі миллиардтаған шығынды қықартуға ұмтылып отырған Ұлыбритания қаржы министрі Рейчел Ривске қосымша жұмыс болған. Басылым салық мөлшерін көтеруден басқа амал жоғын жазады.