Үндістан аумағында апатқа ұшыраған Boeing ұшағының ұшқышына қатысты мәлімдеме жоққа шығарылды.

Үндістан коммерциялық ұшқыштар қауымдастығы (ICPA) 12 маусым күні мәлімдеме жасады.  Қауымдастық Ахмедабад қаласы маңында апатқа ұшыраған Air India әуе компаниясына тиесілі Boeing 787 Dreamliner ұшағының экипажын қорғап шықты, ұшқыштарды айыптап, алдын ала тұжырымдар жасауға, сондай-ақ олардың бірі өзіне қол жұмсауы мүмкін деген болжамдарға жол бермеуге шақырды. Бұл туралы қауымдастықтың ресми мәлімдемесінде айтылған.

Ұйым мәлімдегендей, ұшақты басқарған ұшқыштар өте күрделі жағдайға тап болса да өз міндетін орындаған.

— Біз бұқаралық ақпарат құралдары мен сарапшыларды сабыр сақтауға, тергеу барысына құрметпен қарауға және қайтыс болған экипаж мүшелеріне қатысты құрмет пен жанашырлық танытуға шақырамыз. Air India рейсінің экипажы кәсіби біліктілікке сай әрекет етті. Олар құрметке лайық, ал негізсіз жорамалдарға сүйенген жала жабулар орынсыз, — делінген қауымдастық мәлімдемесінде.

ICPA БАҚ-та жарияланған «ұшқыштардың абайсыз әрекеті немесе әдейі жасаған іс-әрекеті» туралы болжамдарды «негізсіз, қауіпті және мерзімінен бұрын айтылған» деп атады.