Bloomberg: Лондон Украинаны қолдап, Америкадан қару сатып алып беруге дайын отыр
18.07.2025

Еуропа елдері Америкадан қару сатып алып, Киев билігіне болысу мәселесін мақұлдасып жатыр. Мемлекет өкілдерінің пікірі екі бағытта өрбіген. Бірақ агенттік Британияның Украинаны қолдап, мұндай «мырзажомарттыққа» бара алатынын жазды.
Ұлыбритания Еуропадағы серіктестермен бас құрап, АҚШ президенті Дональд Трамптың ұсынысын талқылауға кіріспек. Америка басшысы Украинаға қару-жарақ сатуды көздейді, бірақ ақысын Киевтің Еуропадағы одақтастары төлейді.
Бұл туралы 17 шілде күні хабарланған.
Bloomberg-тің жазуынша, келіссөздер алғашқы сатыда, бірақ Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Лондонның Америкадан қару сатып алу процесіне қатысуы әбден мүмкін екенін меңзеген.