Америка Мемлекеттік департаменті қылмыстық әрекеттерге қатысы бар адамдарға берілген 100 мыңнан астам визаның күшін жойды. Бұл туралы ведомство Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, құқық қорғау органдарымен байланысы анықталған тұлғаларға тиесілі шамамен 8 мың студенттік және 2 500 мамандандырылған визаның күші қайтарылып алынған.

«Біз АҚШ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қылмысқа қатысы бар адамдарды елден шығаруды жалғастырамыз», — делінген хабарламада.

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті ел аумағында заң бұзу деректерінің және визалық мерзімі аяқталғаннан кейін де қалып қою жағдайларының көбеюіне байланысты 6 мыңнан астам халықаралық студенттің визасы жойылғанын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ АҚШ Орталық Азия елдерінің азаматтары үшін 15 мың АҚШ долларына дейін визалық кепіл енгізгені белгілі болды.