Еңбек министрлігінің хабарлауынша, 2025 жылы бюджет қызметкерлері арасында құтқарушылардың, балабақша тәрбиешілерінің және орманшылардың айлығы өседі.

Kazinform хабарлағандай, құтқарушылар жалақысы 70%-ға, мемлекетке қарасты орман күзеті қызметінде істейтін жұмысшылар айлығы 100%-ға көтеріледі.

Биыл қаңтарда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарына 1,3 түзету коэффициенті енгізілген. Соның арқасында балабақша тәрбиешілерінің табысы 30%-ға артады. Бұл жайлы Курсив жазды. 

Сонымен қатар еліміздегі бірқатар өңір әкімшілігінің қызметкерлерді қолдауға кіріскені хабарланды. Олардың жалақысы, жергілікті бюджет жағдайына қарай, 5%-дан 100%-ға дейін көтерілуі мүмкін.

Еңбек вице-министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, елде бюджет қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу бірыңғай жүйесі жұмыс істейді. Айлықты көтеру туралы шешім бюджет пен экономикадағы жағдайды ескере отырып қабылданады.

Министрлік басшысының хабарлауына қарағанда,  бюджет саласындағы жұмысшылардан да жалақы мәселесіне қатысты өз базынасын айтып, айлықтың төмен екеніне шағымданған.

Орайы келгенде айта кетейік, соңғы жылдары педагогтар мен дәрігерлердің жалақысы екі есе, техникалық қызметкерлер, мұраған жұмысшылары мен кітапханашылар айлығы да, шамамен алғанда, екі есе өскен.