Кәсіпкер Билл Гейтс өзінің бар байлығын Африка елдеріне табыстағысы келеді. Меценаттың асқан мырзажомарттығы 20 жылға ұласпақ.

Microsoft негізін қалаушы азамат бұл жайында Эфиопияның Аддис-Абеба қаласында арнайылап айтып, сөз сөйледі. Америкалық кәсіпкер Африка елдерінің әлеуеті мен салауатын нығайтуға, шамамен алғанда, 200 миллиард доллар құюды жоспарлап отыр.

Гейтс арнаулы мақсат үшін 2045 жылға қарай жабуды көздеген Gates Foundation қайырымдылық қорының бюджетін жұмсайды.

 Forbes мәліметіне қарағанда, Билл Гейтстің қазіргә байлығы 116,5 миллиард долларға тең.

Орайы келгенде айта кетейік, Билл Гейтс жер жүзіндегі ең бай адамдардың бірі. Тың табыс иесі көштің белуарына жеткен, яғни 13-ші орында. Егер Гейтс қайырымды, қолы ашық болмаса, бұдан да мол қаржы табар еді деген алуан пікір бар.