Бекзат Жүсіп Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Бекзат Бақбергенұлы Жүсіп 1989 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Үштаған ауылында дүниеге келген. Бекзат Жүсіп Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, сондай-ақ Ұлыбританиядағы Шығыс Англия университетінің магистратурасын тәмамдаған. Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты әрі түлегі. Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында редактор болып бастаған. Кейін республикалық телеарналарда қызмет етті. 2013 жылдан бастап Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы, баспасөз қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарды. 2019 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау филиалының директоры болып тағайындалды. Ал 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. 2022–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары қызметінде болды. Соңғы қызметі – 2023–2024 жылдары «Qazcontent» мемлекеттік ақпарат агенттігінің басқарма төрағасы.