Бес ай ішінде Қазақстандағы ЖІӨ 6%-ға өсті

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өскен.
Мұндай нәтижеге өнеркәсіп пен құрылыс салаларынан бастап сауда, көлік және байланысқа дейінгі негізгі салалардағы өсім әсер еткен.
Өнеркәсіп өндірісі 6,4%-ға артты. Елдің 17 өңірінде оң нәтиже байқалды. Ең жоғары көрсеткіш +22,9%. Мұндай нәтиже кен өндіру, тыңайтқыштар, портландцемент пен қант өндірісінің дамуы нәтижесінде Жамбыл облысында тіркелді. Түркістан және Жетісу облыстарында өндіріс 14,8%-ға, Алматы қаласында 14,1%-ға өсті. Шымкент қаласында 18,9%-ға жетті.
Ауыл шаруашылығындағы өсім — 4,0% (қаңтар-сәуір айларындағы 3,9%-бен салыстырғанда).
Атырау облысында (+10,4%), Солтүстік Қазақстан облысында (+7,5%) және Ақмола облысында (+6,5%) болды. Негізгі себеп — мал мен құс етінің молаюы.
Түркістан облысында — 6,3%, Абай облысында – 3,6%, ал Қостанай облысында – 4,8%.
Құрылыс саласы қарқынды дамып отырғаны байқалды.
Сауда айналымы 7,8%-ға артты (қаңтар-сәуір айының қорытындысындағы 7,0%-бен салыстырғанда). Ішкі сауда құрылымында көтерме сауданың үлесі шамамен 68% болды.
Үрдіс Түркістан облысында (+66,2%), Ақмола (+48,9%) мен Шымкент қаласында (+23,1%) қарқынды.
Байланыс және телекоммуникация саласы 2,8%-ға өсті. Бұл Интернет желісі қызметтері есебінен болған (+13,9%).
Көлік саласындағы көрсеткіш — 23,1%. Ең жоғары өсім Жетісу облысында (+39,1%), Абай облысында (+17,7%) және Ақтөбе облысында (+11,3%) тіркелді.