Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Kaspi.kz иелерінің бірі Вячеслав Кимге жол ашып, Jusan Bank-ті алуға рұқсат берді. Бұл ақпаратты «Интерфакс – Қазақстан» баспасөз қызметі растады.

Ақпан айында Вячеслав Ким аталмыш банкінің 97,5% акциясын сатып алуға өтініш білдірген. Бірақ қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сәуірда талқылатын мәселені кейінге шегеріп, екі айға созды.

Кәсіпкер Kaspi.kz-тің  21,32% акциясына ие. Ақпан айында Ким мұндай мәміленің Kaspi.kz-ке ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

Бизнесмен Forbes нұсқасы бойынша ең бай қазақстандықтар рейтиңін бастап тұр. Әлеуеті — 7,1 млрд (жылына + + 1,3 млрд).

Орайы келгенде айта кетейік, қазір Japan Bank акциялары толық, яғни 100% бизнесмен Ғалымжан Есеновке тиесілі. Тікелей үлесі — 20,11%. Ал First Heartland Securities арқылы 79,89% еншіге жетіп отыр.

Кәсіпкер 2023 жылы прокуратураның бастамасымен банкіні толық бақылауға алды. Мұның алдында Есенов банк қағаздарының 20%-ға жуығын ғана иемден еді. Ал банкіні эндаумент қоры New Generation Foundation бақылап келген.