Қазақ қызының суреті әлемдегі ең үздік фотосурет деп бағаланды. The Guardian төрінен орын берді

Фото: Ilkin Eskipehlivan/Anadolu/Getty Images https://kaz.inform.kz/news/aktauda-tusrlgen-foto-the-guardian-nn-en-uzdk-fotosuretter-tzmne-end-1dfe88/
Әлемнің танымал әрі беделді басылымдарының бірі — Ұлыбританияның The Guardian газеті қазақ табиғатын танытқан фотоға төрінен орын берді.
Ақтауда өткен «Даламен үндес баба өнер» қолөнер шеберлері фестивалінің фотосуреті «Күннің үздік фотосы» айдарымен жариялады.
Фото: Ilkin Eskipehlivan/Anadolu/Getty Images
«Қазақпарат» агенттігінің хабарлауына қарағанда, фотосурет The Guardian басылымының арнайы редакциялық тобының іріктеуінен өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен таңдалған ең үздік фотосуреттер қатарына енді.
Бұл – отандық қолөнер мен мәдениетімізді әлемдік деңгейде әйгілеудің бір дәлелі. Фотосурет авторы: түркиялық фотосуретші Элькин Эскипехливан.
Еске сала кетейік, «Даламен үндес баба өнер» халықаралық фестивалі Ақтау қаласында өтті.
Маңғыстау облысы әкімдігі мәліметінше, іс-шараға Қазақстанның және шетелдің түрлі өңірлерінен келген қолөнер шеберлері қатысып, өз туындыларын ұсынды.
Фестиваль аясында жәрмеңкелер, көрмелер, шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, қонақтар ұлттық дәстүрлермен танысты.
Фестивальдің басты мақсаты – дәстүрлі өнерді дәріптеу, ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру және әлемдік деңгейде қазақ қолөнерінің мәртебесін арттыру.
Айта кетейік, ақтаулық сүңгуір теңіз астындағы бір шақырымнан астам аумақты қоқыстан тазалады.