«Қазақтың жанашыры — қазақ қана» деп деп соққан ізгі жүрек дамыл тапты. Белгілі ақын Күләш Ахметова өмірден өтті
Белгілі ақын, журналист Күләш Ахметова дүние салды.
Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Күләш Ахметова 79 жасында қайтыс болды.
Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туған. Жамбыл облысы, Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетін тәмамдаған.
Ақын қазақ поэзиясында нәзік лирикасымен, азаматтық асқақ үнімен есте қалды. Ол өзінің шығармашылығымен ұлттық руханиятқа өлшеусіз үлес қосты.
Қазақ поэзиясының ақ гүлі атанған ақынның әр жылдары жарық көрген «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Мейірім», «Жапырақ – жаздың жүрегі», «Орман» секілді жыр жинақтары оқырман жүрегіне жол тауып, бірнеше буынның эстетикалық талғамын қалыптастырды.