Қазақстанның уран саудасында тынысы кеңейді. Енді ел уранын Болгария да сатып алады
09.06.2025

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Қазақстан Болгарияға уран жеткізуді жоспарлап отырғанын айтты.
«Болгарияда екі блоктан тұратын атом электр станциясы жұмыс істеп тұр. Оның әр блогының қуаты – 1,1 гигаватт. Ынтымақтастықтың әлеуетті бағытының бірі – біздің уранды болгар АЭС-ына жеткізу», – деді Нұрлан Жақыпов Ақорда кулуарында.
Нақты айтқанда, Қазақстан Болгарияның атом электр станцияларына (АЭС) уран жеткізуді бастауы мүмкін. Төрағаның айтуына қарағанда, Болгарияда қуаты шамамен 1,2 гигаватт болатын екі атом блогы жұмыс істеп тұр. Қазақстанда мұндай станцияларды уран шикізатымен қамтамасыз етуге қажетті ресурстар мен технологиялар жеткілікті.