Қытайдағы ең ірі алтын мен мыс өндіруші компания Райгородок алтын кенішін 1,2 миллиард долларға сатып алуға келісті, деп хабарлайды Гонконг қор биржасында Zijin Mining. 

Бұл активті қытайлық Zijin Gold International компаниясына сату жөнінде келісімге қол қойды. Аталған компания – әлемдегі ең ірі тау-кен корпорацияларының бірі саналатын Zijin Mining Group Co Ltd құрамына кіреді.

Орталық Азиядағы кеніштен әлі 16 жыл пайда табуға болатыны айтылды. Кеніштен жылына, орта есеппен алғанда, 5,5 тонна алтын өндіріледі.

Компанияның хабарлауына қарағанда, кеніш сатып алған елге де,  Zijin Mining-қа да пайда әкеледі.

Bizmedia.kz жазуынша, мәміленің есептік күні — 2025 жылғы 30 қыркүйек.

Сатып алу құны «cash-free and debt-free» қағидатына сүйене отырып айқындалып,  $1,2 млрд. бағаланады. Сатып алу үрдісінің қанша уақытқа созылатыны Қытай және Қазақстан билігінің келісіміне байланысты. Bloomberg агенттігі Zijin Mining үшін бұл мәміленің соңғы алты жылдағы ең үлкен мәміле болатынын хабарлады. Оның арқасында компания 2028 жылға қарай жыл сайынғы алтын өндіру көлемін жылына 110 тоннаға дейін арттыра алады.

JORC халықаралық классификациясына сәйкес, Райгородоктың қойнауында, шамамен алғанда, 100 тонна алтын бар.  Райгородок Қазақстандағы алтын шығатын ең үлкен кен орны саналады.