Cryptocity жаңадан бой көтеретін Алатау қаласының аумағында болуы мүмкін. 

Криптоқаржының кафеге бару, жылжымайтын мүлік сатып алу және инвестиция төлемін жүзеге асыруға «азық боларын» цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жеткізді. Министр жаңа жобаны егжей-тегжейлі талдады.

«Менің ойымша, мұның өзі блокчейн индустриясындағы ерекше бір бетбұрыс болар еді. Сонымен қатар түрлі сала  әзірлеушілерін, бағдарламашыларды, IT-мамандарды құлшындырып, экономикамыздың өсуіне соны серпін берер еді», — деді министр.

Мәдиевтің айтуына қарағанда, арнаулы аймақта криптовалюталардың еркін айналымы болады. Бірақ мұндай үрдісті жүзеге асыру үшін, алдымен, «крипто-жолдастық заңнамасын» құру қажет.

Орайы келгенде айта кетейік, криптоқаржы қолданылатын нысан есебінде Алатау қаласы қарастырылған. Қала 2024 жылы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алматы облысы аумағында құрылды.