«Қазақстан темір жолы» БӘА мен Германия банкінен қарыз алғанын хабарлады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қарыз алды. Компания 480 млн швейцариялық франкке дейінгі сомаға Abu Dhabi Commercial Bank және Deutsche Bank-пен синдикатталған қарыз тарту туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады. Қарыздың үш жылға аламыз деп айтылды.
«Синдикатталған қарыз қаражаты Мойынты – Қызылжар учаскесін салуды, темір жол желісінің шамадан тыс жүктелген учаскелерін жаңғыртуды қоса алғанда, Транқазақстандық темір жол дәлізінің негізгі жобаларын аванстауға, сондай-ақ ҚТЖ ҰК-ның бұрын тартылған міндеттемелерін қайта қаржыландыруға бағытталатын болады», — деп компания хабарлады.
Трансқазақстан теміржол дәлізін дамыту Қазақстанның Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасындағы негізгі транзиттік торап ретіндегі ұстанымын нығайту үшін стратегиялық маңызы бар екені аталды. Дәліз шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жүктерді жеткізу мерзімдерін қысқартуға, логистикалық шығындарды азайтуға, өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құруға және сыртқы сауда бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік береді, осылайша ұлттық экономиканың тұрақтылығын және елдің транзиттік тартымдылығын арттырады.