Қазақстан Үкіметінің отырысында мал шаруашылығын, ветеринария бақылауы және диджиталдандыру мәселелері қарастырылды.

Қазақстанда  төрт түлік және мал шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің тұрақты өсуі байқалады. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың мәлімдеуіне қарағанда, ірі қара саны 23,4%-ға артты, ұсақ мал – 7,8%-ға, жылқы – 12,2%-ға, түйе – 8,5%-ға, құс – 2,2%-ға өсті. Мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,2 млрд теңгеден асып, 4,2%-ға өсті. Ет (+3%), сүт (+7,5%) және жұмыртқа (+0,3%) өндірісінің өсуі байқалды.

Министр Қазақстан шаруаларына жеңілдікпен кредит беру бойынша екі бағдарлама іске қосылады деп айтты.  Олар мал шаруашылығын дамытуды қолдауға және кәсіпорынды айналым қаражатымен қамтамасыз етуге арналған. Қаржыландырудың жалпы көлемі — 100 млрд теңге.

Бірінші бағдарлама ірі қара мен ұсақ малдың асыл тұқымды мал басын сатып алуға арналған. Көлемі — 50 млрд теңге. Шаруалар жылдық 5%-бен «ұзақмерзімді» несие ала алады. Тағы 50 млрд теңге де жоғарыда сарапталған қаржыландыру тетіктеріне ұқсас, жылдық мөлшерлемесі 5%-дан аспайтын айналым қаражатын кредиттеуге бағытталатын болады.

Сонымен қатар министр Қазақстан ет экспортын жылына 50 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отырғанын жеткізді.