Қазақстан Ресей аймағы арқылы Германияға бағытталған мұнай экспортын 30%-ға ұлғайтады
Фото: Glyn Genin/dpaweb/dpa/picture alliance
2026 жылы Қазақстан мұнайының Германияға бағытталған экспорты ай сайын 130 мың тоннаға дейін өсіп отырады. Бұл хақында «ҚазМұнайГаз» және Rosneft Deutschland арнаулы келісімге қол қойды. Мұнай Ресей жері арқылы өтетін «Достық» құбыры арқылы экспортталады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мұнайын Германияға жеткізу жөніндегі қолданыстағы келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін ұзартылды (Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. ресурсынан), деп хабарлады баспасөз қызметі. Келісімде мұнай жеткізу көлемін айына 100 мың тоннадан 130 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген.
Сонымен қатар 2024 жылы ҚМГ Қашаған Б.В. ресурсынан, ал 2025 жылы «Теңізшевройл» ЖШС ресурсынан да мұнай жөнелтіле бастағанын айта кеткен жөн.

2025 жылдың тоғыз айында Шведт мұнай өңдеу зауытына экспортталған Қазақстан мұнайының көлемі шамамен 1,5 млн тонна болды. Еске сала кетелік, Қазақстан мұнайын дәл осы бағыт арқылы сату ісі 2023 жылы басталған. Мұнай ағыны Ресей, Беларусь және Польша аймағын жалғаған «Достық» құбырында жүреді.