Қазақстан күйшісі Олег Никитин Homay әнін «Адай» күйімен көмкеріп, түрлентіп жіберді.

Ән Ғазиз Ахтаевтың дыбыс жазу студиясында өңделген.  Ay yola триосының түпнұсқа трегінде қобыз, гитара және қурай аспабының үнін естуге болады.

Орайы келгенде айта кетейік, наурыз айында тыңдарманға жол тартқан Homay композициясы әлем кеңістігіне жылдам таралды.

Homay Ay Yola жобасының бірінші әні емес. Ақпан айында Уфа музыканттары «Батыр» трегін шығарды. Жобаның ресми YouTube-арнасында ол 32 мың қаралым жинады.  Ay Yola – жаңа жоба. Оның Вконтакте-дегі парақшасы 2025 жылдың қаңтарында тіркелген.

Ay Yola «Жайық-батыр» эпопеясынан туындаған музыкалық жоба. Олар ата-баба дәстүрін заманауи музыкалық стильдермен үйлестіріп, көне оқиғаларды баяндап шоу жасайды. Жоба әр аңызды жаңа форматта ұсынады.