Көрнекті геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері, Әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамының президенті Қуандықов Балтабек Мұқанұлы дүние салды.

Қаралы хабарды естіген Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Е. Ақкенженов марқұмның туысқандары мен халқына көңіл айтты.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің басшылығы және ұжымы көрнекті геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері, Әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамының президенті Қуандықов Балтабек Мұқанұлының мезгілсіз қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдады.

Балтабек Мұқанұлының бүкіл еңбек жолы еліміздің минералдық-шикізат базасын дамытуға, Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға, көмірсутек ресурстарын барлау мен игеруге ғылыми тәсілдерді енгізуге арналған еді.

Ол өзінің еңбек жолын 1971 жылы Биікжал мұнай барлау экспедициясынан бастаған. Жұмыс істеген жылдары ішінде Қарашығанақ, Жаңажол, Имашев, Кенбай, Әлібекмола, Арман және басқа да Қазақстанның ірі мұнай-газ кен орындарын ашу мен игеруге зор үлес қосты. Ол «Қазақстанкаспийшельф», Ұлттық мұнай-газ компаниясы «Қазахойл», «Нельсон Ресорсиз Лимитед», «Меридиан Петролеум» сияқты жетекші салалық компанияларды басқарды, сондай-ақ Chevron Overseas Petroleum халықаралық корпорациясында кеңесші болып еңбек етті.

Балтабек Мұқанұлы – Қазақстанның геологиясы мен мұнай-газ саласына арналған «Палеонтологиялық қалдықтар атласы», «Мұнай-газ геологиясы терминдерінің глоссарийі» сынды іргелі еңбектерді қоса алғанда, 10 монография мен 80-нен астам ғылыми жарияланымның авторы атанған танымал ғалым.

Ол «Құрмет», «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталып, әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Балтабек Мұқанұлы – кәсіби маман ғана емес, сонымен қатар еліне шын берілген нағыз патриот, өз ісіне адалдықтың және жоғары азаматтық жауапкершіліктің үлгісі болды. Оның бұл дүниеден өтуі – Қазақстанның геология және мұнай-газ саласы үшін орны толмас қаза.

Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыға байланысты шын жүректен қайғырып, көңіл айтамыз, — деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Е. Ақкенженов.

Балтабек Қуандықов Қарашығанақ, Қашаған, Кенбай, Имашев, Жаңажол, Әлібекмола, Арман сияқты ірі кен орындарын ашып, игеруге атсалысты. Оның қосқан үлесі геология ғылымының дамуы мен елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен рөл алды.

Тәуелсіздік жылдарында Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінде басшылық қызметтер атқарды. Энергетика және отын ресурстары министрінің орынбасары болды, «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясын басқарды. Сонымен қатар шетелдік ірі компанияларда, соның ішінде Chevron Overseas Petroleum және Nelson Resources компанияларында қызмет етті.

Қуандықов 10 монографияның және 80-нен астам ғылыми жарияланымның авторы, Қазақстандық мұнай-геологтар қоғамының президенті, халықаралық геологиялық бірлестіктердің мүшесі. «Құрмет» және «Парасат» ордендерін, Қазақстан өнеркәсібінің еңбек сіңірген қайраткері атағын алған. Өмірінің соңғы жылдарына дейін «Меридиан Петролеум» компаниясының президенті қызметін атқарып, тәуелсіз директор ретінде «Ембімұнайгаз» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды.