Қазақстан Хорватия компаниясы арқылы Мажарстанға 85 мың тонна мұнай жөнелтті

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) және MOL Group (Мажарстан) арасындағы стратегиялық ынтымақтастық кеңейді. Мажардың мұнай өңдеу зауытына 85 мың тонна көлемінде Қазақстан мұнайының алғашқы партиясы жөнелтілді.
Компания:
— Новороссийск портынан бастап Хорватияның Омишаль портына дейінгі теңіз тасымалын «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық тасымалдаушы компаниясы (ҚМГ еншілес кәсіпорны) өзінің «Alatau» танкерімен қамтамасыз етті, — деп мәлімдеді
Мұнай Адрия құбыры арқылы тасымалданып жатыр. Бұл мұнай құбырын Хорватияның Jadranski naftovod компаниясы (JANAF) басқарады.
Танкер Хорватияға келгеннен кейін ҚМГ, MOL Group және JANAF өкілдерінің кездесуі өтіп, ҚМГ мен MOL Group арасында мұнай жеткізу мәселелеріне қатысты келісімге қол қойылды.
ҚМГ хабарлауына қарағанда, Танкер Хорватияға келгеннен кейін ҚМГ, MOL Group және JANAF өкілдерінің кездесуі өткен. Тараптар алдағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Келіссөз нәтижесінде ҚМГ мен MOL Group арасында мұнай жеткізу мәселелеріне қатысты Негіздемелік келісімге қол қойылды.
Бұл бастама Қазақстанға ҚМГ мұнайы экспортының географиясын ЕуроОдақ нарығында едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.
Орайы келгенде айта кетелік, MOL Group — халықаралық мұнай-газ компаниясы (Будапешт қаласы). Өзінің қызметін 30-дан аса елде жүргізеді. Мажарстанда, Словакияда және Хорватияда үш мұнай өңдеу және екі мұнай-химия зауытын басқарады. MOL корпорациясының барлау және көмірсутегін өндіру саласында 85 жылдық тәжірибесі бар. ҚазМұнайГаз және MOL Group Батыс Қазақстан облысындағы Рожков газ конденсатты кен орнын бірлесіп игереді.
JANAF — Хорватияның мұнай құбыры жүйесінің операторы. Компания Крк аралындағы мұнай терминалын және Хорватия аумағындағы Адрия мұнай құбырлары жүйесін басқарады.